Қош келіпсіздер!
Мемлекеттік қызметтерге ыңғайлы әрі жылдам онлайн режимінде төлеу тәсілі - ЭҮТШ жүйесіне қош келдіңіз.
Жоба мақсаты:
Жеке және заңды тұлғалардың "электрондық үкімет" шеңберінде көрсетілетін электрондық мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтер көрсеткені үшін төлемдерді жүзеге асыруы үшін, "электрондық үкіметтің", екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелері арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйені құру.
Жобаның негізгі функционалдық талаптары:
жеке және заңды тұлғаларға онлайн-режимде өтеулі электрондық қызметтерге ақы төлеу мүмкіндігін ұсыну тәсілдерін дамыту;
электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыру;
бюджетке төлемдер төлеуге және ЕДБ-дан міндетті аударымдарға (МЗЖ, МКЗЖ, жо, МӘМС) байланысты жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтерді қабылдау және деректерді мемлекеттік органдардың АЖ-не беру.